08.12.2022, 21:03
Жаңалықтар
Президент жаңадан сайланған Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың жаңа төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Кездесу барысында сот жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғарғы Сот төрағасы заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың судьяларға сенімін арттыру үшін сот жүйесін жетілдірудің концептуалды бағыттарына қатысты өз көзқарасын білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігінің сапасын одан әрі жақсарту және Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесін жаңғыртуға қатысты айтылған бастамаларды тиімді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды