Алматыда 15 жезөкше жұмыс істеген массаж салоны анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жезөкшелер үйін ұйымдастырған үй иесі жауапқа тартылды

Алматыда массаж салонында 15 жезөкше қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда интимдік қызмет көрсетілген жезөкшелер үйі анықталды.

«Салон рейдтік іс-шараның нәтижесінде анықталды. Тексеру кезінде салонда 15 жеңіл жүрісті әйел мен олардың клиенттері болған. Олардың жеке басын анықтау және қандай да бір заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеру үшін күдіктілер біздің бөлімшеге жеткізілді. Салон қызметкерлері – басқа жақтан келгендер, олар Алматыда тіркеусіз болған. Олардың әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 492-бабына сәйкес сараланады. Әкімшілік істің тиісті материалдары жинақталды», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Сонымен қатар спикердің айтуынша, жезөкшелер үйін ұйымдастырған үй иесі жауапқа тартылды.