Сенат депутаттары 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жасқа дейін белгілеуді көздейтін заңды қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Заң келесі түзетулерді қамтитын 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады:
- жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту;
- жастар ресурстық орталықтарының функцияларын кеңейту;
- мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және жастар арасында волонтерлікті дамыту енгізу;
- уәкілетті органның құзыретіне жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды, жастардың еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын, жастарды дамыту индексін енгізу және қолдану қағидаларын енгізу;
- бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 1,5 жасқа дейін ұлғайту;
- 2023 жылдан бастап 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде көтеруді тоқтата тұру;
- базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту;
- ынтымақты зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде табыстың барынша шектелуін 46-дан 55 АЕК-ке дейін арттыру;
- сақтандырылған тұлғалар үшін жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орташа айлық табыстың 45%-на дейін арттыру;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ұсынылатын кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялау;
- талап етілетін кәсіптері мен дағдылары бар шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру үшін төлем қабілеттілігін растау туралы талапты алып тастау.
Естеріңізде болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде тіркелетінін мәлімдеген еді. Бұған дейін Қазақстанның зейнеткерлік жасын 63 жасқа дейін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланған болатын. Алдын ала есептеу бойынша әйелдер үшін зейнеткерлік жасты тоқтатуға үкімет 800 млрд теңге жұмсайды.