$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл Қазақстанда белсенді шағын кәсіпорындардың саны 10%-ға өсті

Компаниялардың төрттен бір бөлігі сауда және автокөлік жөндеу саласында жұмыс істейді

Биыл Қазақстанда белсенді шағын кәсіпорындардың саны 10%-ға өсті
Фото: ашық дереккөзден

Биылғы қараша айының басында Қазақстанда 496,3 мың шағын кәсіпорын тіркелгені белгілі болды, бұл – өткен жылмен салыстырғанда 5,4%-ға көп көрсеткіш. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар 379 мыңды құрап, 2021 жылғы қазанмен салыстырғанда 11,4%-ға өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Finprom зерттеуінше, жабылғалы тұрған шағын кәсіпкерлік нысандарының саны үшінші жылдан бері азайып келеді және 5,2 мың кәсіпорынды құрайды, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,4%-ға аз көрсеткіш.

«Бір жылда белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны бірден 10,2%-ға өсіп, 2022 жылдың қазан айының соңында 181,5 мыңды құрады. Сонымен қатар олардың жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардағы үлесі төртінші жыл қатарынан азайып келеді, ал соңғы жылы 48,4%-дан 47,9%-ға дейін төмендеді», - дейді сарапшылар.

Қазақстан Республикасындағы белсенді шағын кәсіпкерлік нысандарының жартысына жуығы үш өңірге: Алматы қаласына (47 мың), Астанаға (30,9 мың) және Қарағанды ​​облысына (9,8 мың) тиесілі болып отыр.

Белсенді шағын компаниялардың ең аз саны жаңадан құрылған Ұлытау өңірінде: бар болғаны 1 мың нысан тіркелді.

«Барлық белсенді шағын бизнес субъектісінің төрттен бірі дерлік автомобильдер мен мотоциклдерді саудалау және жөндеу саласында – 45,2 мың компания жұмыс істеп жатыр. Бұл 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда 13,8%-ға артық», - делінген зерттеуде.

Сондай-ақ білім беру (17,1 мың кәсіпорын), құрылыс (15,5 мың) және кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет (14,2 мың) салаларында да жақсы қарқын байқалады.

Өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсімді сауда және автожөндеу салаларынан көруге болады: мұнда 5,5 мың белсенді шағын кәсіпорын бар. Бұл ретте құрылыс саласында мұндай компаниялардың саны 287-ге ғана азайған.

Серіктес жаңалықтары