Қазақстандағы жылу желілеріндегі апаттар сыбайлас жемқорлықпен байланысты болуы мүмкін

Аягөз Құрмаш

Екібастұзда жылумен жабдықтауға қатысты төтенше оқиға жүйелі сыбайлас жемқорлыққа байланысты болған

Қазақстандағы жылу желілеріндегі апаттар сыбайлас жемқорлықпен байланысты болуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Антикордың алдын алу қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың айтуынша, осы жағдайдың соңы аймақта әлеуметтік наразылықтардың пайда болуына әкелген. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері басқа қазақстандық кәсіпорындардың жұмысында да байқалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Atameken Business-ке сілтеме жасап.

Ол кәсіпорындар Семей, Тараз және Батыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Сыбайлас жемқорлар көбіне коммерциялық нысандарды ақылы түрде орталық жылумен жабдықтауға қосқан, мұның соңы қарапайым қазақстандықтардың қамтылуына кері әсер еткен.  

«Мысалы, Семей қаласында «Жылукоммунэнерго» коммуналдық кәсіпорнының берешегін өтеу  мен жылумен жабдықтау объектілерін ұстауға мемлекеттік бюджеттен миллиардтаған қаражат бөлінгенімен, одан еш оң нәтиже шыққан жоқ. Жекелеген сыйақылар үшін кәсіпорын директорлары жеке және заңды тұлғаларға осы орталық жылумен жабдықта жүйесіне қосылу үшін техникалық шарттар береді. Соның салдарынан қуат төмендейді, жылу шығыны артады. Ол көпқабатты үйлердегі суық және ыстық судың болмауына алып келген. Мұндай жағдай көп өңірде байқалып отыр», - деп атап өтті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов.

Сонымен қатар Антикор хабарлағандай, Қазақстанда табыс көзін дәлелдей алмаған шенеуніктердің мүлкі алына бастайды. Парламент «Заңсыз баю туралы» тиісті заң жобасын қарайды.

Саян Ахметжановтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен келуі мүмкін мүлікті иесі адал еңбекпен тапқанын дәлелдеуге тиіс. Ол үшін оған жалақысына сәйкес кірістер мен шығыстар туралы егжей-тегжейлі есеп беруі қажет болады. Басқа жағдайда күдікті шенеуніктің активтері мен мүлкі тәркіленеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.