$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Чехия Украинаға 2 миллион еуро көмек береді

Чехия Украинаны Ресей соғыс ашқалы бері белсенді қолдап келеді

Чехия Украинаға 2 миллион еуро көмек береді
Фото: ашық дереккөзден

Қаражат Украина аумағындағы қоныс аударушылар үшін медициналық салаға және тұрғын үйді жайластыруға бағытталмақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Прага радиосына» сілтеме жасап.  

Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийдің айтуынша, ел Үкіметі 1,2 миллион еуроны Украинаның денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық автобус, екі жылжымалы медициналық блок және медициналық шатыр сатып алуға береді.  

Кировоград облысындағы Знаменка қалалық кеңесі тағы 800 мың еуро алады. Онда ақша мәжбүрлі қоныс аударушыларға арналған жылжымалы тұрғын үй қораптарын орнатуға жұмсалады.  

Айта кетейік, украиндық әскери қызметшілер Чех әріптестерінің басшылығымен Либава полигонында дайындықтан өтіп жатыр.  

Бұған дейін Прага билігі Киев пен Николаевқа 22 миллион кронға жүздеген жылытқыш, қондырғы мен медициналық жабдық жіберетіндерін айтқан.  

Серіктес жаңалықтары