Германияда ауқымды түрде тұтқындау операциясы жүргізілді

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен 25 оңшыл тұтқындалды

DPA Picture Alliance

Германияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен лауазымды тұлғалар тұтқындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен 25 оңшыл тұтқындалған. Неміс билігі ауқымды түрде «Найзағай» операциясын жүргізді. Парламентті күшпен басып алу арқылы мемлекеттік төңкеріске дайындалып жатқан оңшыл радикалдардың мүшелерін ұстаған. Әзірге 25 адам ғана қамауға алынғанымен, тергеу бұл топ демократиялық Германия үшін өте қауіпті адамдар деп санайды.

Неміс прокуратурасың мәліметінше, Германияның 130 жерінде, сондай-ақ Австрия мен Италияда бір уақытта 3 мыңнан астам полиция мен барлау қызметкерлері қатысқан рейд өткен.

Италия полициясы 64 жастағы неміс армиясындағы бұрынғы офицердің қамауға алынғаны туралы хабарлады. Ол Перуджа қаласындағы қонақүйде ұсталған және одан ұйымның «диверсияға қатысты материалдары» табылған. Күдіктіні экстрадициялау рәсімі де басталған. Төңкеріс жасаушылар тобына шамамен 50 адам кірген. Тергеу мәліметтері бойынша, «Князь Генрих XIII» деп аталатын топтың ақсүйек жетекшісі Германия билігіне келмек болған. «Виталий Б.» деп белгілеген адам князь Генридің атынан ресейліктермен сыртқы сенімді серіктестерінің бірі ретінде байланысқа шыққан. Ресей елшілігі төңкеріске ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Прокурорлар төңкерісшілер бундестагты басып алуға, демократиялық билікті құлатуға, мемлекет басшысын ауыстырып, 1871 жылы болған Германия империясының мемлекеттік құрылымын қалпына келтіруге ниетті деп санайды. Күдіктілер 2021 жылдың қараша айынан бастап тұрақты жиналыстар өткізіп, бұрынғы әскери қызметкерлерді жалдаумен, қару-жарақ сатып алумен және жаттығуларды ұйымдастырумен айналысқан көрінеді. Тіптен олар жаңа сыртқы істер, әділет және денсаулық сақтау министрліктерін құруды жоспарлап, осы ведомстволардың басында кімдердің тағайындалатынын да анықтап қойған.

«Айыпталушыларды мемлекеттік институттардан терең бас тартуы және Германия Федеративтік Республикасындағы мемлекеттің еркін, демократиялық құрылымы біріктіреді», - деді прокуратура.

Германияның Әділет министрі Марко Бушман өзінің Twitter-дегі қастандық жасаушыларға қарсы операция туралы хабарландыруын «Демократия өзін қорғай алады» деп бастады.

Рейх азаматтарының қозғалысы қазіргі демократиялық неміс мемлекетін мойындамайды және 1939 жылға дейін Германияның шекарасын қалпына келтіруді көздейді. Германияның әскери барлау агенттігі топ мүшелерінің арасында арнайы жасақ сарбазы және запастағы бірнеше әскеридің бар екені жазылған. Неміс және әлемдік баспасөз баспасөз релизінде топ жетекшісі - Генрих XIII П.Р. екені айтылған. Ол фон Ройс тұқымының өкілі саналады. Биыл олардың билік құрғанына 900 жыл толғаны және қазіргі Тюрингия мен Саксониядағы жерлерді басқарған әулет екені айтылады.

Сонымен қатар, топтың құрамына Берлин судьясы және 2017-2021 жылдардағы «Германияға балама» құқықтық-популистік партиясының Бундестаг депутаты Биргит Малзак-Винкеман де кірген.