Парламент таратылғаннан кейін коменданттық сағат жарияланған
Перу Президенті Педро Кастильо конгресс таратылғаннан кейін елде коменданттық сағат режимін енгізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
«7 желтоқсан сағат 22:00-ден – 4:00-ге дейін коменданттық сағат енгізіледі», - деді ел президенті халыққа үндеуінде.
Сәрсенбі күні Кастильо импичмент туралы мәселені көтермек болған парламентті таратқан болатын.