$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Украина ДСМ-і ауруханаларда жоспарлы оталарды уақытша тоқтатуды сұрады

Украиналық дәрігерлер электр қуатын өшіру жағдайында жұмыс істеуге дайындалып жатыр

Украина ДСМ-і ауруханаларда жоспарлы оталарды уақытша тоқтатуды сұрады
Ресей атқылауынан кейін қираған аурухананың алдында тұрған дәрігер. Харьков облысы, 2022 жылдың шілдесі. Фото: golosameriki.com

Украинаның денсаулық сақтау министрлігі аймақтық ауруханалардан елдегі электр энергиясының жағдайы тұрақтанғанша, уақытша жоспарлы операциялар жасамауды сұрады, , деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ауруханалар шұғыл көмек көрсетуді жалғастыруда, бірақ алдағы уақытта электр қуатының үзілуіне байланысты медициналық жүйеге жалпы жүктемені азайту үшін жоспарланған операциялар уақытша тоқтатылуы керек», - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Ал «Укрэнерго» сейсенбіде электр энергиясын өндіруді қалпына келтіру үшін тағы бірнеше күн қажет екенін айтты. Украинаның барлық ауруханасы бүгінде апаттық электр генераторларымен жабдықталған.

Өткен аптада ресейлік зымыран мен әуе шабуылдарының сегіз толқыны Украинаның маңызды инфрақұрылымына зақым келтірді. Бұл бүкіл ел бойынша апаттық және жоспарлы электр қуатын өшіруге әкеп соқты.

Украинаның Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, 5 желтоқсандағы жаппай ресейлік бомбалаудан кейін Киев, Винница және Одесса облыстары ең қиын энергетикалық жағдайда қалды.   

Украина өзінің инфрақұрылымына жасалған ресейлік соққыларды әскери қылмыс ретінде сипаттайды.

«Энергетикалық террор – жаппай қырып-жою қаруын қолданудың аналогы. Көшеде температура нөлден төмен болған кезде және ресейлік зымырандардың энергетикалық нысандарға соққы беруі салдарынан ондаған миллион адам электр қуатынсыз, жылусыз және сусыз қалуы – адамзатқа қарсы ашық қылмыс», – деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Серіктес жаңалықтары