Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады
Синоптиктер 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон әсер етеді, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуінен қар жауып, көктайғақ болады, оңтүстігінде жел күшейіп, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Құбылмалы жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -28-30, күндіз -18-20 градус болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9, күндіз -3-5 градус болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады. Солтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -1-3 градус болады.