«Самұрық-Қазына» энергетика саласындағы қандай компанияларды мемлекет меншігіне берді?

Автор: Аягөз Құрмаш

Екі актив заңнамаға сай мемлекетке берілген

Фото ашық дереккөзден

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында қандай компаниялар мемлекет меншігіне берілгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жекешелендірудің кешенді жоспарында көрсетілген активтерден басқа, Қор стратегиялық емес активтер бойынша жұмысты жалғастыруда. Мәселен 2021-2022 жылдары 11 актив жабылды. Оның ішінде Ромпетрол компания тобының активтерін атап өтуге болады», - деді Сәтқалиев.

Оның айтуынша, екі актив заңнамаға сай мемлекет меншігіне берілді.

«Олар: Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы (КОРЭМ) және Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы. Екі актив сатылды. Бір актив қайта құрылды», - деді ол.

Айта кетейік, 2021-2022 жылдары жабылған 11 актив төмендегідей:

  • «Трансевразия» АҚ;
  • «Қазатомпром-Даму» ЖШС;
  • Rominserv Valves Iaifo S.R.L.;
  • Rompetrol Ukraina LTD;
  • Agat, Rompetrol Albania Sh.A.;
  • Rompetrol Albania Downstream;
  • Rompetrol Albania Wholesale№
  • Rompetrol Distribution Albania№
  • Logistic System Management B.V.;
  • «ҚазМұнайГаз-Өнімдері» ЖШС.