05.12.2022, 22:06
Жаңалықтар
Таразда құрылыс дүкені мен контейнерлер өртенді
Өрт сөндірушілер дүңгіршектен газ баллонын шығарып үлгерген
фото: Жамбыл облыстық ТЖД
Тараздық өрт сөндірушілер жалынға оранған ғимараттан бес газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараз қаласында Мәмбет батыр көшесі бойында орналасқан «Тұрсынбаев ЖК» тиесілі аумақта асхана мен 2 құрылыс дүкені және 8 металл контейнері өртенді. Өрттің жалпы ауданы 290 ш.м құраған.
«Оқиға орнынан өрт сөндірушілер отыз литрлік бес газ баллонын алып шықты. Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда», - деп көрсетті Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды