05.12.2022, 17:16
Жаңалықтар
«Жан Шуақ»: Астанада халықаралық қоғамдық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді
Жеңімпаздар 7 номинация бойынша марапатталады
8 желтоқсанда Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «АМАNАТ» партиясының қолдауымен «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен «Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сыйлығының 15-ші мерейтойлық жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сыйлығы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жыл сайын ұйымдастырылады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау 7 номинация бойынша жүргізіледі.
- «Спорт саласындағы аса үздік жетістіктері үшін»
- «Кәсіпкерлік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін»
- «Мүгедектігі бар адамдарға қатысты қоғамдық сананың оң өзгеруіне қосқан үлесі үшін»
- «Күшті жігері және жеңіске талпынысы үшін»
- «Мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері үшін»
- «Мүгедектігі бар адамдардың ғылым мен білім беру қызметін дамытуға қосқан үлесі және оқуға талпынысы үшін»
- «Өнер саласындағы аса үздік жетістіктері үшін».
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды