Ол ШҚО-дағы арнайы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған колонияда
Қайрат Сатыбалдыұлы № 22 колонияға жеткізілді. Бұл арнайы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған колония, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Патриотқа» сілтеме жасап.
БАҚ-тың хабарлауынша, Астана сотында Қайрат Сатыбалдыұлы тергеу изоляторынан кетіп қалғанын растады.
"Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкім 20 қазанда заңды күшіне енді. Ол жазасын Шығыс Қазақстан облысы бойынша № 22 қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемесінде өтеп жатыр",-деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
26 қыркүйекте сот Қайрат Сатыбалдыұлының ісіне қатысты шешімді жариялаған. Ол алты жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарға орналасу құқығынан айырылды.