Жөндеу жұмысы жүріп жатыр
Қостанайда үйлердегі апатқа байланысты жылуды өшіру туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Alau.kz-ке сілтеме жасап.
«Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясы» МКК баспасөз қызметі мәлім еткендей, қаладағы бірнеше үйдің тұрғындары жылусыз қалуға мәжбүр.
«Майлин көшесі, 43 мекенжайындағы тұрғын үйдің жылу желісіндегі ақауды жоюға байланысты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуді уақытша тоқтату жоспарланды. Олар Әл-Фараби даңғылы, 142, 142/1, Майлин, 41, 43, Тәуелсіздік, 169, 171 мекенжайындағы үйлер. Жөндеу жұмысын жүргізу уақыты 5 желтоқсан сағат 13.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады», - делінген хабарламада.