Қылмысы дәлелденген қаржы пирамидаларына қайта қаражат тарту дерегі көбейген

Автор: Azattyq Rýhy

Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтарды ескертеді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда қылмыстық әрекеті сотта дәлелденген қаржы пирамидаларына қайта қаражат тарту жағдайлары жиілеп барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәләметінше, қаржы пирамидаларын әдетте, бұрынғы жалған инвестициялық қызметтің ойдан шығарылған тұрақтылығын көрсетіп, танымал атауларды, ақша тартудың бірдей әдістерін қолданатын арам пиғылды адамдар ашады.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі «LV Force», «World Business Consulting», «The Finico», «Caspian Crocus», «B2B Jewelry», «ПК Елімай-2019», «Мебельный проект Нур», «Лидер», «Лидер капитал-168», «Нарымбетова», «Hermes -LTD» және т.б. сияқты қаржылық пирамидалардың қызметіне тосқауыл қойған болатын.

«Олар қарапайым мессенджерлерден бастап білім беру курстары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға дейін әртүрлі қызмет түрін ұсынып, азаматтардан ақша алудың қылмыстық схемаларын жүзеге асырды. Компаниялар қаржы пирамидасы болып, халық жинаған қаражатынан айырылып жатқанына қарамастан, кейбір азаматтар қылмыскерлердің жарнамалық науқандарына ілініп, ақша салуды жалғастырып жатыр», - дейді агенттік өкілдері.

Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі профилактикалық жұмыстарға баса назар аударып, оқушылар мен студенттер арасында қаржылық қауіпсіздік және сауат ашу сабақтарын өткізіп, қаржылық пирамида белгілері бар сайттар мен аккаунттарды анықтау үшін жаңа технологияларды қолдана бастады.

«Азаматтарды қырағы болуға, жинақтарын күмәнді қаржылық компанияларға салмауға шақырамыз! Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне дереу хабарлауыңызды сұраймыз», - делінген ведомство хабарламасында.