Астанада сол жағалаудағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ

фото: Астана қ ТЖД

Бүгін таңертең Астанадағы «Barys City» тұрғын үй кешенінің екінші қабатындағы пәтердің балконы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өрт бүгін сағат 08:28-де Тұран 46 а даңғылында орналасқан «Barys City» тұрғын үй кешенінде өрт шыққан.  Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтердің балконы жанын жатқанын анықтады.

«Тұрғын үй кешенінен 16 адам эвакуацияланды, олардың алтауы балалар. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Сағат 09:10-да өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

Тегтер: