Екібастұзда 400-ден астам адам жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады

фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы апаттың салдарын жою жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Отырыста жылуды қалпына келтіру жұмыстарына 7 ірі кәсіпорын жұмылдырылғаны атап өтілді. Олардың әрқайсысына көппәтерлі тұрғын үйлер бекітілген.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 484 адам жұмылдырылды.