Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Синоптиктердің болжамынша бүгін жел күшейіп, бұрқасын болады

Қазгидромет РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 15-20 градус қатты аяз күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады күндіз облыстың орталығында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталағында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Жетісу облысының Жалаңашкөл ауданы аймағында оңтүстік-шығыс желі 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында 15-20 м/с дейін жетеді.

Тегтер: