Семей қаласындағы көшелердің бірінде жылу жүйесінен ақау шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
2 желтоқсанда сағат 17.25-те Ғаббасов көшесіндегі жылу жүйесінде ақау шыққан. Қала әкімдігі коммуналдық сала қызметкерлері дереу арада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, ақау салдарын жойғанын хабарлады.
«Сондай- ақ «Теплокоммунэнерго» МКК қызметкерлері шұғыл әрекет жасап, жылу жүйесін ретке келтірді. Бүгін сағат 10:15-те жылу көзінің жұмысы штаттық режимде қайта іске қосылды. Қазір үйлерге жылу тұрақты түрде беріліп жатыр», - делінген әкімдіктің хабарламасында.