Бірер күн бұрын марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылған
Абай облысында ерлі-зайыптылар мен олардың 3 жасар немересі далада үсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қайғылы оқиға Жарма ауданының Терістаңбалы ауылында болған.
Abai news телеграм арнасының хабарлауынша, ата мен апасы 3 жасар немересімен бірге көрші ауылға қонаққа барған. Қас қарая үйіне қайту үшін жолай кетіп бара жатқан көлікке отырыпты. Алайда ауылға 1 шақырымдай қалған кезде олар көліктен түсіп қалып, жаяу тартқан.
Таңертең апасы ауылдан 50 метр жерде әйелдің, 100 метр атасы мен немересінің денесі табылды.
Жарма аудандық полиция бөлімі қайғылы оқиғаны растады.