Батыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл қызметке Нариман Төреғалиев келді

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына Нариман Төреғалиев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 2 желтоқсан», - деп жазылған құжатта.