$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытай жаппай наразылықтан кейін ковидтік шектеулерді жеңілдете бастады

Пандемия басталғалы бері Қытайда ресми мәліметтер бойынша 5200 адам қайтыс болды

Қытай жаппай наразылықтан кейін ковидтік шектеулерді жеңілдете бастады
Фото: bbc.com

Өткен демалыс күндері бүкіл ел бойынша жүріп өткен вирустық шектеулерге қарсы жаппай наразылықтар аясында Қытай билігі «нөлдік ковид» саясатын біршама жеңілдетуді белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ryhy тілшісі ВВС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Шанхай мен Гуанчжоудың ондаған аудандарында вирустың өсуі байқалған қалаларда жаппай наразылықтар болды. Соның нәтижесінде бейсенбіде шектеу шаралары алынып тасталды.

Сейсенбінің басында наразылық толқыны басталған Үрімші қаласында шектеулер ішінара алынды. Наразылық елдің астанасы Бейжіңде, Қытайдың ең үлкен қаласы Шанхайда, сондай-ақ Нанкин, Чэнду, Ухань және басқа жерлерде өтті. Қатысушылар ұранның орнына бос ақ қағаздар ұстап шықты. Осылайша, олар цензуралық тыйымдарды айналып өтуге тырысты.

«Нөлдік ковид» шектеулері мен саясатына қарсы ұрандар арасында Қытай үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің отставкаға кетуі туралы өте ерекше саяси талаптар айтылды. Кейбіреулер аталған наразылыққа «ақ қағаз революциясы» деген ат берді.

Қазір наразылықтар көшелерде полицейлердің көп болуына байланысты біршама азайды. Алайда, билік назарынан тыс қалмады.

Соңғы күндері Қытайда пандемия басталғалы бері вирустың көбеюі бойынша рекордтық көрсеткіш байқалды. Сәрсенбіде 36 мыңнан астам жағдай тіркелді. Бұл сандар 1,5 миллиардқа жуық халқы бар ел үшін тым үлкен емес. Десе де, пандемия басталғалы бері Қытайда ресми мәліметтер бойынша 5200 адам қайтыс болған.

Серіктес жаңалықтары