Бүгін еліміздің көп бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Републикада күн бұлтты болады

Синоптиктер 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болады, республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жел соғады, батысында және шеткі солтүстігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жел күшейіп, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -23-25, күндіз -19-21 градус болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кейде тұман, көктайғақ. Батыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз -1-3 градус болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -6-8 аяз, күндіз -1+1 градус болады.