Құбыр жарылды: Петропавлда бірнеше аудан сусыз қалды

Автор: Эльмира Мәмбетқызы

Ақау қашан жойылатыны белгісіз

Фото ашық дереккөзден

Петропавлда Мағжан Жұмабаев және Сәбит Мұқанов көшелерінің қиылысында құбыр жарылып, бірнеше аудан тұрғындары сусыз қалды. Арнайы қызмет мамандары жөндеу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ақау қашан жойылатыны белгісіз. Мамандар апаттың себебі мен деңгейін анықтауда. Петропавлда су құбырларының 70 пайызға жуығы тозған. Қала тұрғындарын «Қызылжар су» мекемесі тіршілік нәрімен қамтып отыр.

«Бүгін кешке апат болды. Екі құбырдың қосылған жері сөгіліп кеткен. Диамерті 800 мм. Сондықтан қысымды төмендетуге тура келді. Қазір ақау жойылып жатыр. Содан кейін қалаға су беру қалыпқа келтіріледі. Тек апат болған учаскеде тұрған нысандарға әзір қамтылмайды. Атап айтар болсақ, 15 көпқабатты үй мен облыстық балалар ауруханасы.  Халыққа тезарада су беру үшін бар күшімізді салып жатырмыз», - дейді мемеменің бас директоры Жеңіс Сұлтанов.