Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевты Қызылорда облысының әкімі лауазымына қайта тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.
Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005–2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
2021-2022 ж.ж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
2022 жылдың сәуірінен бері Қызылорда облысының әкімі.