Лас ауаның кесірінен жылына 1 миллион сәби өлі туады – ғалымдар

Аягөз Құрмаш

Америкалық және қытайлық ғалымдар зерттеу жүргізген

Лас ауаның кесірінен жылына 1 миллион сәби өлі туады – ғалымдар
Фото: ашық дереккөзден

Қытайлық және америкалық ғалымдар әлемде жыл сайын миллионға жуық бала өлі туатынын айтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме жасап.

Оған себеп аналарының лас ауамен тыныстануы болған. Бұл нәрестенің өлі тууына әкелетін барлық босанудың жартысына жуығы ауаның ластығына байланысты болуы мүмкін дегенді білдіреді.

Nature журналында жарияланған жаңа зерттеудің авторлары алғаш рет ауадағы микробөлшектердің жоғары концентрациясы шақалақтың өліміне қандай әсер ететінін анықтай алды.

Ғалымдар 1998-2016 жылдар аралығында табысы төмен және орташа 54 елде болған 45 мың босану туралы деректерді зерттеді.

Олар орнатқан зерттеуді Азия, Африка және Латын Америкасының 137 еліне таратты, олар дүние жүзіндегі барлық туудың өліммен аяқталуының 98%-ын құрайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.