Қазақстандықтардың проблемалық несиесі есептен шығарыла ма – министр жауабы

Azattyq Rýhy

1 млн-нан астам азаматтың мерзімі өткен несие бойынша ірі көлемдегі қарызы бар

Қазақстандықтардың проблемалық несиесі есептен шығарыла ма – министр жауабы
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданған жағдайда қазақстандықтардың проблемалық несиелері есептен шығарыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Zakon.kz-ке сілетеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасында проблемалық қарыздар мәселелерін шешудің құқықтық тетіктерін құру, несие тарихын «ақтау» және санкциялар мен айыппұлдарды азайту мүмкіндіктері қарастырылғанын айтты.

«Несиелерді есептен шығару бұл заң жобасына қатысты емес және нормативтік құқықтық актінің нысанасына жатпайды. Бұл қандай да бір бөлек бастама болуы мүмкін, бірақ бүгін оны Қаржы министрлігі қарастырып жатқан жоқ», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, қазір 1 миллионнан астам азаматтың 90 күннен астам мерзімі өткен несиелері бойынша ірі көлемдегі қарыздары бар. Мұндай несиелердің жалпы сомасы 1 триллион 450 миллиард теңгені құрайды. 96 пайызы 5 миллион теңгеге дейінгі несиелер, кепілсіз, әдетте, тұтынушылық несиелер.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.