COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1 081 науқас емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 167 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ коронавирус пневмониясына 9 адам шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 081 адам коронавирус инфекциясынан (–937+ және 144 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 167 пациент стационарда, 914 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.