АҚШ Украинаға NASAMS зымырандарын сатып алып беретін болды
Америка билігі Raytheon корпорациясымен 1,2 млрд доллардың келісімшартын жасасты
Пентагон Украинаға NASAMS жылжымалы зениттік зымырандарын сатып алып беретін болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
АҚШ Ресей басқыншыларынан қорғанатын қаруды украиналықтарға жазға салым жібереді. Америка билігі Украина үшін жылжымалы зениттік зымыран кешендерін сатып алу үшін Raytheon жетекші қорғаныс корпорациясымен 1,2 миллиард доллардың келісімшартын жасасты.
«Raytheon Co. Украинадағы күш-жігерді қолдау үшін «жер-әуе» (nasams) озық зымыран жүйелерін, ілеспе жабдықтарды, қызметтерді және қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін 1 216 207 829 долларға келісімшарт алды», - делінген АҚШ қорғаныс ведомствосының мәлімдемесінде.
АҚШ-тан Украина тарапына алғашқы NASAMS жеткізілімдері 1 шілдеден басталады. Зымыран жүйелері –1990 жылдары норвегиялық Kongsberg Defence & Aerospace компаниясы Raytheon-мен бірлесіп жасаған орта қашықтықтағы кешен. Қару екі рет, соңғы рет 2019 жылы жаңартылды. Теорияда жаңа AMRAAM-ER зымыраны 80-100 км-ге жетеді.