33 бес қабатты үй жылусыз қалды
Рудныйда 50-ге жуық үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Alau-ға сілтеме жасап.
Ақпарат «Айкөмек» қызметінің Instagram-аккаунтында жарияланды.
«Рудныйда Шевченко көшесі, 116 мекенжайында орналасқан №5 сорғы станциясында жылу құбыры жарылды. Құбырдың диаметрі – 159. 13 жеке үй ажыратылған. Сол сияқты Гагарин көшесі, 6 мекенжайы да бар. Құбырдың диаметрі – 159. Онда 33 бес қабатты үй мен бір мектеп жылудан ажыратылды», - делінген хабарламада.
Аймақтағы ауа температурасы 26 градус аязды көрсетіп тұр.