Отырыста азаматтық туралы бірқатар мәселе қаралды
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Отырыста азаматтық туралы бірқатар мәселе қаралды. Сонымен қатар, Комиссия қызметінің негізгі бағыттары бойынша тиісті мемлекеттік органдар атқарған жұмыстар жайындағы лауазымды тұлғалардың есебі тыңдалды», - делінген хабарламада.
Комиссия соңында тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсынымдар берілді.