Еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауады
Синоптиктер 1-3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Болжам бойынша Қазақстан аумағының басым бөлігінде кезекті антициклонға байланысты ауа температурасы төмендейді. Сол себептен батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін.
«Орталықта, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Оңтүстік циклоны өз әсерін сақтайды. Сондықтан 1 желтоқсанда оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, негізінен, қар жауады. 2 желтоқсанда атмосфералық фронттардың өтуімен шығыста қалың қар жууы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Сондай-ақ республикада жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста тұман түседі, көктайғақ болады. Шығыс және орталық аймақтарда бұрқасын болуы мүмкін.
Ауа температурасының төмендеуі:
- түнде республиканың батысында 2-16 градустан 5-18 градусқа дейін аяз, солтүстік-батыста 7-27-ден 14-30 градусқа дейін аяз, солтүстік облыстарда 15-28-ден 22-32 градуса дейін аяз, республика орталығында 5 -20-дан 13-30 градусқа дейін аяз, республиканың шығысында 15-35-тен 22-37 градусқа дейін аяз, оңтүстікте 3-12-ден 8-17 градусқа дейін аяз, оңтүстік-шығыста 1-20-дан 8-28 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.