Екібастұздағы жылу орталығын өзге өңірлерден келген бригадалар жөндеуге кірісті

Автор: Azattyq Rýhy

Бригадалардың жалпы саны 34-тен 42-ге дейін өсті

Екібастұздағы жылу магистралін жөндеу жұмыстарына өзге өңірлерден келген бригадалар мен кәсіпорындар жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің бвспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үкімет пен жедел штаб мүшелері Мәметов, Шешембеков көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерді, «Өнер» мәдениет үйін аралап көрді. Бүгін қаланың Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көп пәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу үшін Қазақстанның басқа өңірлері мен кәсіпорындарынан, атап айтқанда Астана, Павлодар, Қарағанды, Босшакөлден (Kazminerals) жеткен жөндеу бригадалары жұмысқа кірісті», - делінген UKIMET Телеграм каналындағы хабарламада.

Бригадалардың жалпы саны 34-тен 42-ге дейін өсті.