Бұл туралы Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы халқымен кездесуі кезінде айтылды
2023 жылы Түрксіб ауданындағы аты жоқ 82 көшеге атау берілуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл мәселе бүгін қала әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы халқымен кездесуі кезінде көтерілді. Тұрғындардың бірі «Қайрат» шағын ауданында көптеген көшелердің атауы жоқ екенін айтып, қашан берілетінін сұрады.
"Түрксіб ауданында 82 көшеде атау жоқ. Келесі жылы қаңтар айынан бастап ономастикалық комиссиямен келісіп, атаусыз көшелерге көрнекті тұлғалардың есімін беру мәселесін қарастырамыз",-деп жауап берді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.