$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Латвияның СІМ басшысы ресейліктердің ЕО-ға кіру ережесін қатаңдатуға шақырды

Латвия Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ресей азаматтарының кіруін шектеуді қауіпсіздік мәселесі деп санайды

Латвияның СІМ басшысы ресейліктердің ЕО-ға кіру ережесін қатаңдатуға шақырды
Суретте: Эдгар Ринкевич, Латвияның Сырты істер министрі

29-30 қарашада Бухарестте өткен НАТО Сыртқы істер министрлерінің саммитіне қатысқан Латвияның Сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич «Америка дауысына» берген сұхбатында Еуропаның кей елдерінің Ресей азаматтарының кіруін шектеуге қатысты қатаң ұстанымын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біз «мобилизацияға қарсымыз, сондықтан Ресейден кеткіміз келеді» деп айтатын адамдарға жол ашуымыз керек деп санаймыз. Путин режиміне және Ресейдің Украинаға толық басып кіруіне қарсы болғандар Ресейден 24 ақпанға дейін немесе одан кейін бір ай ішінде кетті. Сондықтан Ресей азаматтарының Еуропалық Одаққа кіруін қатаң шектейтін тыйым салу, менің ойымша,  керек нәрсе. Алайда ЕО-ның барлық елі осы тақырып бойынша біз бастаған пікірталасты әлі де қолдай қоймайтынын білемін», - деді Эдгар Ринкевич.

Ресейліктер үшін ЕО-ға кіру ережелерін қатаңдатуды Балтық елдері, Финляндия және Польша енгізді.

Серіктес жаңалықтары