Екібастұзда қанша пәтерге әлі жылу берілген жоқ: Үкімет мүшелері жедел штаб отырысын өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада азаматтарды қабылдау және жылыту үшін 14 арнайы пункт жасақталған

Фото: primeminister.kz

Қазіргі уақытта Екібастұзда Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, «ОАЭК» АҚ акционерлері, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС құрылтайшыларының қатысуымен жедел штабтың отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 29 қарашадағы 23.55-тегі жағдай бойынша Екібастұзда 17 көппәтерлі тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 1 әкімшілік ғимарат жылу жүйесіне қосылмаған күйінде қалып отыр. Оларға соңғы учаскедегі апат жойылғаннан кейін жылу қайта берілетін болады. Қалған үйлер мен нысандарға жылу төмен температурмен берілген. Тасымалдағыштың жылу беру температурасы – 820С (норма 870С), кері қайтару – 540С (норма 560С), пәтерлерде – 18-200С, сыртқы ауа температурасы – 230С. 

«Жеткізу желілері қатып қалған 59 көппәтерлі тұрғын үйдің 22-інде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, тағы 37 нысан қалып отыр. 34 кезекші бригада жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.

Қалада азаматтарды қабылдау және жылыту үшін 14 арнайы пункт жасақталған.

Айта кетсек, штаб отырысы ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барған соң өткізілді.