Қазақстан мектептерінің қаншасы жылы дәретханамен қамтылған
Білім беру мекемесінің 1 пайызында дәретханалар сыртта орналасқан
Еліміздің барлық мектебі ауыз судың негізгі көздеріне қосылған және қажет деген жабдықтары бар бөлек дәретханалармен қамтылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, жылы дәретханалар мектептердің 78,4 пайызында ғана бар, білім беру мекемесінің 1 пайызында дәретханалар сыртта орналасқан.
Сонымен қатар, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мектептердің 96,7%-ы 4 мбит/с және одан жоғары жылдамдығы бар интернетпен қамтамасыз етілген.
Мектептердің жалпы санының 2/3 немесе 67,1%-ы заманауи жабдықтармен және модификацияланған оқу кабинеттерімен жабдықталған.
Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында Қазақстанда жалпы білім беретін мектептердің саны 7 550 бірлікті құрады, оның 69,6%-ы ауылды жерде орналасқан.