Тоқаев Ресейдегі «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш-мемориалына гүл шоғын қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір минут үнсіздіктен кейін Қазақстанның әнұраны орындалды

Фото: Ақорда

Президент «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш-мемориалына гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды.

«Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының әнұранын орындады», - делінген хабарламада.

Содан соң Қазақстан делегациясының алдынан Құрмет қарауылы салтанатпен сап түзеп  жүріп өтті.