Қазақстанның екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысы жабылды
Синоптиктер бүгін кешке 30 градус аяз болатынын айтты

Бүгін кешкі сағат 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 30 градустан төмен түсетіндіктен, жолдар уақытша жабылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлауынша, қатты аязға байланысты 28 қарашада кешкі сағат 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының барлық республикалық маңызы бар жолдарында дизельдік және жолаушылар автобустарының қозғалысы уақытша шектеледі.
«Республикалық бағыттарды пайдаланушылардан бағыттарын алдын ала реттеп, алыс жолға шықпау және ауа райының өзгеруін жіті бақылау ұсынылады», - делінген хабарламада
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жүргізушілер мен жолаушыларға тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына 1403 телефоны арқылы хабарласуға кеңес береді.