Қазақстанда 22 ЖЭО жекеменшікке өтіп кеткен – Энергетика министрлігі

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздегі жылу электр орталықтарының салынғанына кем дегенде 60 жыл болған

Фото ©РИА Новости

ҚР Энергетика министрлігі жекеменшік қолында 22 ЖЭО бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министрлік мәліметінше, Қазақстанда 10 мемлекеттік жылу электр орталығы, 5 квазимемлекеттік ЖЭО бар. Қалған 22 ЖЭО жекенің меншігіне өтіп кеткен.

Бүгінде жылу электр орталықтарының салынғанына орташа есеппен, кем дегенде 61 жыл болған. Олардың 76%-ға жуығы 50 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. ЖЭО негізгі жабдықтарының орташа тозуы 66% құрап отыр.

«37 ЖЭО-ның жалпы қолда бар электр қуаты 6 517 МВт (электр станцияларының жалпы қолда бар қуатының 33,8%-ы), қолда бар жылу қуаты 20 135 Гкал/сағ құрайды. Аталған 37 нысанда 190 бу қазандығы, 41 ыстық су қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Министрлік атап өткендей, қазіргі таңда Қазақстанда 22 жекеменшік ЖЭО жұмыс істейді. Ал мемлкет меншігінде 10, квазимемлекеттік секторда 5 ЖЭО бар.

Мемлекеттік ЖЭО:

  • "Теплокоммуэнерго" (Семей);
  • "Қостанай жылуэнергетика кәсіпорны";
  • ЖЭО-5 "Кентау сервис" (Түркістан облысы);
  • Орал ЖЭО "Жайықжылуэнерго" АҚ;
  • "Арқалық жылуэнергетика кәсіпорны";
  • ЖЭО-4 "Таразэнергоорталық" АҚ;
  • "Шахтинскжылуэнерго" ЖШС (Шахтинск ЖЭО);
  • ЖЭО-1 "Астана-Энергия" АҚ;
  • ЖЭО-2 "Астана-Энергия" АҚ;
  • "Кызылордажылуэлектрорталық".

Квазимемлекеттік ЖЭО:

  • ЖЭО-1 "Алматы электр желілері" АҚ;
  • ЖЭО-3 "Алматы электр желілері" АҚ;
  • ЖЭО-2 "Алматы электр желілері" АҚ;
  • ЖЭО-1 "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС (Ақтау);
  • ЖЭО-2 "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС (Ақтау және Маңғыстау облысы).

Жекеменшік ЖЭО:

  • Балқаш ЖЭО - Kazakhmys Energy ЖШС;
  • Жезқазған ЖЭО - Kazakhmys Energy ЖШС;
  • ЖЭО - "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС;
  • "Өскемен ЖЭО" ЖШС;
  • Петропавл ЖЭО-2 "СевКазЭнерго" АҚ;
  • "Риддер ЖЭО" АҚ;
  • ЖЭО-ПВС - "Арселормиттал Теміртау" АҚ;
  • ЖЭО-2 "АрселорМиттал Теміртау"АҚ;
  • ЖЭО - "Текелі энергокешені" ЖШС;
  • ЖЭО-1 "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС;
  • ЖЭО-2 "Павлодарэнерго" АҚ;
  • "Согра ЖЭО" ЖШС (Өскемен);
  • Рудный ЖЭО - "ССГПО" АҚ;
  • "Атырау ЖЭО" АҚ;
  • ЖЭО-1 "Қазақстан алюминийі" АҚ ERG (Павлодар);
  • "Степногор ЖЭО" ЖШС;
  • ЖЭО-3 "Павлодарэнерго" АҚ;
  • ЖЭО "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС;
  • ЖЭО-3 "Қарағанды энергоцентр" АҚ;
  • ЖЭО-3 "3-Энергоорталық" АҚ ERG (Шымкент);
  • "Ақтөбе ЖЭО" АҚ;
  • ГРЭС-1 Bassel Group LLS ЖШС (Теміртау).

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловқа қалалардағы проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарауды тапсырған болатын.