Ауа райының қолайсыздығына байланысты осындай шешім қабылданды
Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді, деп хабарлайды елордалық Білім басқармасы.
«28 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Білім басқармасы таратқан хабарламада.