ШҚО-да қар көшкіні болып, автожолды жауып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«26 қарашада қалың жауын-шашын мен қатты жел салдарынан «Өскемен-Алтай» автокөлік жолының 65-километрында алдын ала жабылған трассада қар көшкіні болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 2 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін облыстық ТЖД 26-28 қараша күндері ШҚО-ның таулы аудандарында қар көшкіні қаупі барын ескерткен болатын.