Павлодар облысының тас жолында мал тиеген КамАЗ отқа оранды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарылған жануарлар шаруа қожалығына  жеткізілді

фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысы Ақсу ауылдық аймағына қарасты Еңбек ауылының маңында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өрт Еңбек ауылының маңындағы Павлодар-Көктөбе тас жолында болды. Еліміздің 13 аймағына тиесілі КамАЗ жүк көлігінің кабинасы мен жартылай ағаш қаптамасы өртеніп кетті. Өрттің жалпы ауданы 6 шаршы метрді құрады», - деді Ақсу ТЖБ инспекторы Сырым Сейітқазы.

Ол сондай-ақ жүк көлігіне тиелген малдардың зардап шекпегенін айтты. Құтқарылған жануарлар Еңбек ауылының шаруа қожалығының базасына жеткізілді.