Lexus көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан балаларды қағып кеткен
ҚР ІІМ бүгін Алматы облысында болған жол апатына қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«25 қазан күні сағат 19:50 шамасында Lexus автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Алматы - Шелек - Қорғас автожолымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен», - деп хабарлайды Алматы облысы полициясы.
Апат салдарынан зардап шеккен бес кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Айта кету керек, жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.