Министрлік жалған ақпарат таратқандар заңмен жазаланатынын ескертті
Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету және 13-ші зейнетақыны енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ҚР Президентінің Жарлығымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендетілетіні, сондай-ақ Қазақстанда 13-ші зейнетақы төлемін енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған шешіміне сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдер үшін зейнеткерлік жасты кезең-кезеңімен арттыру 5 жыл мерзімге 61 жас деңгейінде тоқтатылады.
«Зейнетақы төлемдеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру базалық және ынтымақты зейнетақы, сондай-ақ азаматтардың міндетті зейнетақы жарналарын аудару есебінен қалыптастырылатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдер арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 268 мың адам.
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық және ынтымақты зейнетақы) 108 993 теңгені құрады (БЖЗҚ төлемдерін есепке алмағанда).