Маңғыстауда 41 кг марихуана және ірі көлемде ақша тәркіленді
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Маңғыстауда 41 кг марихуана және ірі көлемде ақша тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп 25 қараша сағат 02:30 шамасында Ақтаудағы 11-ші шағын ауданның көпқабатты үйлерінің бірінде 40 жастағы күдіктіні ұстады.
Жеке тінту барысында марихуана есірткі заты бар 12 дана целлофан пакеті тәркіленді. Одан кейін тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде полицейлер есірткі заты салынған 11 дана үлкен полиэтилен пакет тапты.
Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 41 келі. Сонымен қатар күдіктіден 3 млн 295 мың теңге көлемінде қаражат тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.