$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Белгілі заңгер Бақытжан Базарбек «Кублей» зауыты мен әкімдік арасындағы дауға қатысты сұхбат берді

«Кублей» зауыты мен әкімдік арасындағы дау қашан шешіледі?

«Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, белгілі заңгер Бақытжан Базарбек «Кублей» зауытына қатысты даудың неліктен ұзаққа созылып келе жатқанынын ашық айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Бұл іс бойынша 23 қараша күні Оралдағы №2 қалалық соты «Кублей» зауыты мен әкімдіктің текетіресіне нүкте қоюы керек болатын. Өйткені тараптар ортақ келісімге келмейтінін сөзжарыс кезінде-ақ айтқан болатын.

Алайда судья нақты шешім шығарылмайтынын, тараптарды татуластыру сатысына өтетінін айтты. Судья неліктен бұлай істеді? Оған қысым көрсетіп отырған кімдер? Оралдағы «олигарх Ерменовтің дәурені» жүріп тұрғаны рас па? Ал заңгер неліктен ымыраға келмейміз, іске қатысы бар барлық шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғатамын деп бекініп отыр? Жоғары сот төрағасы Жақып Асановтың зауыт мәселесіне қандай қатысы бар? Осы және өзге де сауалдарға жауапты Орал қаласында түсірген арнайы сұхбатымыздан біле аласыздар.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Орал #заңгер #сот