Қарағандыда екі автобустың соқтығысуынан қаза тапқандардың саны артты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апатынан зардап шеккендердің төртеуі ауыр жағдайда ауруханада жатыр

Фото: Kazakh24.info

Қарағандыда екі автобустың соқтығысуынан қаза тапқандар саны артты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2003 жылы туған пациент алған ауыр жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Қалған науқастардың жағдайы бірқалыпты», – деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бүгін, 25 қарашада таңертеңгі уақытта Қарағандыда көпірдің үстінде екі маршруттық автобус соқтығысып, салдарынан жүргізушілердің бірі көз жұмған болатын. Бұған қоса 18 адам зардап шеккен, олардың төртеуі ауыр жағдайда ауруханада жатыр.