Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен және Макронмен келіссөз жүргізеді

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ресейге және Францияға барады

Фото: sputnik.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қарашада Ресей Федерациясына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

«29-30 қарашада Қазақстан президенті Францияға ресми сапармен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.